Атырау, 22 желтоқсан 03:40
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Алматыда теракт ұйымдастырмақ болған радикал топтың үш мүшесі ұсталды

2 213 рет қаралды

Көрнекі сурет Алматыда теракт ұйымдастырмақ болған радикал топтың үш мүшесі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ҰҚК Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2016 жылғы 10 қазанда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері құқық қорғау және арнаулы органдардың қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған радикалды топтың үш мүшесін ұстады", - делінген хабарламада.

Ұсталғандардан қолдан істелетін жарылғыш құрылғы құрауыштары және детонаторлар, теракті жасауға үндейтін діни-экстремистік материалдар алынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Алматы қаласында ҰҚК органдары 29 радикал ниеттегі тұлғалардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

11 қазан 2016, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.