АСТАНА. ҚазАқпарат - Жергілікті бюджетке түскен салық түсімінің көлемі 1,2 триллион теңгені құрады. Ірі салық төлеушілер қатарындағы Алматы қаласы, Атырау облысы және Астана салық түсімдерінің 43% қамтамасыз етті, деп хабарлады energyprom.kz мониторинг агенттігі.
Мамандардың айтуынша, жылдық өсім 15%-ды құрап отыр. Салық базасының өсуі бойынша көш бастап тұрған - Атырау облысы - 33,3%, Батыс Қазақстан облысы - 29% және Павлодар облысы - 20%. Өсім көрсетпеген жалғыз өңір Жамбыл облысы (-3,9%) болды.
2016 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке түскен салық көлемі 3,8 триллион теңгені құрады, бұл 2016 жылға жоспарланған көрсеткіштің 68%-ы (жоспар - 5,6 триллион теңге). Доллармен есептегенде мемлекеттік бюджетке түскен салық көлемі - 11,2 миллиард. 2015 жылдың тамызымен салыстырғанда теңге долларға шаққанда 42,5%-ға (1 доллар үшін 237,6-дан 338,7-ге дейін) төмендегеніне қарамастан, аталған кезеңдегі мемлекеттік бюджетке түскен салық көлемі доллармен есептегенде тек 5 пайызға ғана азайған.
Дереккөз: Іnform.kz
В Атырау -1