Атырау, 22 желтоқсан 03:37
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Әблязовтің кепілақымен босату туралы өтініші қанағаттандырылмады

1 791 рет қаралды

Фото: Forbes.kzЛион аппелляциялық соты 7 қазанда "БТА Банк" бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың кепілақымен босату туралы өтініші қанағаттандырылмады. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты "Экономическая правда" басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Еске салайық, Франция соты осыған дейін де Мұхтар Әблязовтың кепілақымен босату туралы өтініші қанағаттандырмаған болатын.

Әблязов Ресейге немесе Украинаға экстрадициялануы мүмкін. Экс-банкирді Ресейге экстрадициялау туралы құжатқа 17 қыркүйекте Францияның премьер-министрі Мануэль Вальс қол қойған. Қашқын банкирді экстрадициялау туралы өтінішті Украина да білдірген болатын. Ресейде бұрынғы банкирге алаяқтық, жалған құжаттар әзірлеу, лауазымын асыра пайдалану, бес миллиард долларды жымқыру сияқты көптеген заңбұзушылық жасады деген айып тағылды.

Еске сала кетейік, Мұхтар Әблязов 2013 жылы жазда Францияда ұсталып, әлі күнге дейін қамауда отыр. 2014 жылдың қаңтарында төменгі инстанциядағы сот оны экстрадициялауды қолдады, бірақ сәуір айында кассациялық сот бұл шешімнің күшін жойды. Іс Лионның апелляциялық сотында қаралды, ол да банкирді беру туралы сұранымды қанағаттандыруды ұсынып, Ресейге басымдық берілетінін мәлімдеді.

Ресейде бұрынғы банкирге алаяқтық, жалған құжаттар әзірлеу, лауазымын асыра пайдалану, бес миллиард долларды жымқыру сияқты көптеген заңбұзушылық жасады деген айып тағылды. Қазақстанда Мұхтар Әблязов 6 миллиард доллардан астам соманың қаржылық алаяқтығын жасады деп айыпталды. Ол өз отанында мүлкін тәркілеумен бірге 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: Tengrinews.kz

11 қазан 2016, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.