Атырау, 22 желтоқсан 03:38
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Назарбаев пен Мирзяев "байланысты жандандыруды" талқылады

2 478 рет қаралды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзяев "екі жақты байланыстарды жандандыру" жайын талқылады деп хабарлайды Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі. Ресми мәлімет бойынша, Назарбаев пен Мирзяев дүйсенбі күні телефон арқылы сөйлескенінде энергетика, транспорт және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық жайын талқылаған,- деп хабарлады Азаттық.

Назарбаев пен Мирзяев Өзбекстан мен Қазақстан делегацияларының түрлі деңгейдегі жұмыс сапарларының қорытындысын, басым бағыттар бойынша маңызды коммерциялық келісімдерді жоғары бағалаған.

Қазақстан президентінің ресми сайтында Назарбаев пен Мирзяевтің сөйлескені туралы ақпарат жоқ.

Мирзяевті сарапшылардың көпшілігі Өзбекстанда 4 желтоқсанға белгіленген мерзімінен бұрын президент сайлауында жеңіске жету мүмкіндігі өте жоғары кандидат деп біледі. Сайлау елдің алғашқы президенті Ислам Каримов қыркүйектің басында инсульттен көз жұмып, Самарқанда жерленген соң бірінші рет өтеді.

Дереккөз: Аzattyq.org

11 қазан 2016, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.