Атырау, 13 қазан 05:19
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстанда астық рекордтық көлемде жиналды – АШМ

1 713 просмотра

Фото: palata.kzРеспублика бойынша астық жинау науқаны аяқталды. Бидайдың жалпы бункерлік салмағы 23,1 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда, 1,4 млн тоннаға артық. Сонда бір гектардан кем дегенде 15,2 центнер астық шықты, деп xабарлайды Baq.kz.

Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері мұндай көрсеткішке алғаш рет қол жеткізіп отыр.

«Астықтың басым бөлігі Ақмола (5,6 млн тонна), Солтүстік Қазақстан (5,6 млн тонна) мен Қостанай (5,5 млн тонна) облыстарына тиеселі. Ал бір гектардан алынған бидай көлемі жағынан Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр. Ол жерде бір гектардан 17,4 центнер өнім алынды», - деді ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Ал оңтүстік аймақтарда мақта, қант қызылшасы мен күрішті жинау жұмыстары жалғасып жатыр. Ол жақтың шаруалары да жоғары көрсеткішке қол жеткізуді көздейді.

Дереккөз: Baq.kz

10 қазан 2016, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.