Атырау, 13 қазан 05:19
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстан бәсекеге қабілеттілік бойынша 11 сатыға төмендеді

2 156 просмотра

Қазақстан инвесторларды тарту көрсеткіші бойынша 53-орында тұр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының экономикалық дипломатиясына арналған Үкімет сағаты барысында Владимир Божко мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары мұндай төмендеудің себебін анықтауды сұрады.

«Дүниежүзілік банк шығаратын инвесторларды тартуды бағалау көрсеткіші бойынша Қазақстан бизнесті қолға алудан 53 орында тұр... Мұнымен қоса, бүгінгі үкімет сағатында инвесторлық климатты жақсарту мақсатында, депутаттардың ҚР СІМ, ҚР ИДМ және басқа да министрліктермен болашақта бірлесе атқаратын жұмыс жоспары туралы ой бөлісуді сұраймын. 2015 жылғы 42-орыннан 53-орынға дейін төмендеудің себебін білгім келеді...», – деді Владимир Божко.

Дереккөз: BNews.kz

10 қазан 2016, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.