Атырау, 22 желтоқсан 02:22
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Матаевтарға қатысты қылмыстық істі ақын Олжас Сүлейменов жан түршігерлік деп атады

2 253 рет қаралды

Алматы. 10 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевқа қатысты қылмыстық іс пен оған шығарылған үкімді ақын әрі қоғамдық қайраткер Олжас Сүлейменов жан түршігерлік деп атады, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Мен Сейтқазыны (Матаевты – ҚазТАГ) бұрыннан білемін, және мен үшін олардың басындағы болған оқиға, әрине, жан сілкінтерлік оқиға. Ол оқиға тек оның басында ғана орын алмай бүкіл жазатындардың, журналистердің басына қатысты оқиға ғой. Мен де өзімді журналистпін деп сезінемін», - деді О. Сүлейменов дүйсенбі күні.

Сонымен қатар ақын ол іс сәтті аяқталар деген үміт білдірді.

«Сондықтан мен бәрі сәтті аяқталар деп үміт етемін», - деп ол қадап айтты.

Бұған дейін хабарланғандай, 3 қазанда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі жарияланды. Сөйтіп, Қазақстан журналистер одағының басшысын мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сол күні С. Матаевтың адвокаты үкіммен келіспейтінін айта отырып, оны бұздыруға шағым беретінін мәлім етті.

«Астана қалалық сотына шағым түсіреміз, одан соң Жоғарғы сотқа, ал одан кейін БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетке береміз», - деді сот процесі аяқталған соң адвокат Мадина Бакиева.

Дереккөз: ҚазТАГ

10 қазан 2016, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.