Атырау, 13 қазан 05:25
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Мемлекет тұрғын үйлер құрылысын аяқтау үшін үлескерлерге кепілдік беретін болады

2 644 просмотра

Тұрғын үй құрылысына халықтың қаражатын тартудың жаңа тетіктерін енгізуге және үлескерлердің тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" жаңа заң күшіне енді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

"Жаңа тетік бойынша кепілдік беру жағдайлары мыналар болып табылады: тұрғын үйлерді пайдалануға беру мерзімінің бұзылуы, ақшаны орынсыз пайдалану, сот шешімі бойынша құрылыс салушының дәрменсіздігі", - деп хабарлады қордың өкілдері.

Бастапқы кезеңде Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры құрылыс салушының өтінімін қарау кезінде, оның жаңа заң талаптарына сәйкес келуін тексереді. Барлық талаптарға сәйкес келген жағдайда, қор құрылыс салушымен және уәкілетті компаниямен кепілдік беру туралы шарт жасасады. Қор одан кейін салынып жатқан тұрғын үй сапасын бақылайтын тәуелсіз инжинирингтік компанияны тарта отырып, үлескерлер ақшасының орынды жұмсалуын, сондай-ақ пайдалануға енгізілген тұрғын үйдің сапасын бақылайтын болады.

Жалпы, қор өкілдерінің айтуынша, тұрғын үй құрылысына кепілдік беру тетігін іске асыру үлескерлер үшін де, инвесторлар үшін де құрылыс саласының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар, құрылыс саласының ашықтығы мен құрылыс салушының жауапкершілігін арттырады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

10 қазан 2016, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.