Атырау, 22 желтоқсан 02:23
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қарағанды әкімдігі қаржы пирамидасына қатысты түсініктеме берді

2 591 рет қаралды

Қарағандыдағы «Оптовка» қаржы компаниясы жабылып қалғаннан кейін, салған ақшаларын қайдан сұрарын білмей тентіреген жұрт кеше аудандық прокуратураны басып кірмек болған еді. Бүгін осы мәселеге қатысты Қарағанды облысының әкімдігі түсініктеме берді деп хабарлайды Baq.kz.

«Халықтың қаржысын қайтаруға бола ма, болмай ма ол жағын қазіргі уақытта нақты айта алмаймын. Себебі өздеріңіз білгендей алаяқтық әрекетпен айналысқан «пирамидаға» халық өз еркімен ақшаларын салған. Осыған байланысты прокуратура жұмыс істеп жатыр. Компанияның екі жерде кеңсесі болған. Оның біреуі Майқұдықта болса, екіншісі Нүркен Әбдіров даңғылында орналасқан», -деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішев.

5 қазан күні Қарағандының Майқұдық ауданында біраз уақыттан бері жұмыс істеп тұрған «Оптовка» қаржы компаниясы жабылып қалғандығын Baq.kz редакциясына ақшаларынан айырылып қаламыз ба деп алаңдаған жергілікті тұрғындар хабарлаған болатын. Кеше 6 қазан күні осы компанияның Қарағандының Нүркен Әбдіров даңғылы бойында орналасқан бөлімшесінің де жабылып қалғандығы белгілі болды. «Оптовка» қаржы компаниясының қызметкерлеріне телефон арқылы хабарласқан тілшіге өзін «Оптовка» қаржы компаниясының қызметкерімін деп таныстырған азамат «бізде тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, бүгін не ертең ашыламыз» деп сендірген болатын.

Дереккөз: Baq.kz

7 қазан 2016, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.