Атырау, 19 мамыр 11:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Павлодар дәмханасында төбелес шығарған күзетшілер қамауға алынды

1 963 просмотра

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар дәмханасындағы дауды сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр, ал «Элекор Күзет» күзетшілері екі айға қамалды, деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Баян Мағзұмова.

«Тергеу жұмыстары ҚР ҚК 252-бабы, 2-бөлігі (Жеке күзет қызметі қызметкерлерінің қызмет бабын асыра пайдалануы) бойынша жүріп жатыр. Тергеу тобы оқиға куәгерлері мен зардап шеккендерден жауап алды, - деді Б.Мағзұмова. - Павлодар қылмыстық соты күзетшілерді екі айға қамау туралы шешім шығарды».

Естеріңізде болса, 4 қазан күні павлодарлық «Босфор» дәмханасындағы күзетшілер мен клиенттердің төбелесі жайлы видео желіге жарияланды. Зардап шеккендердің арызын күтпестен, полиция төбелес фактісін тергеуді бастап кетті.

Кейінірек, ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов Павлодар кафесінде клиенттерді соққыға жыққан күзетшілерге қатысты түсініктеме беріп, екі тараптың да заңға сай жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.

Дереккөз: Іnform.kz

7 қазан 2016, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.