Атырау, 19 мамыр 10:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Блогерлерге жаңа мүмкіндік пен құқық беріледі – Дәурен Абаев

2 443 просмотра

Image 0Фото: qazaquni.kzБүгінде әлеуметтік желіні белсенді қолданушыларға өз қалауымен желілік басылым ретінде тіркеуге тұру мүмкіндігін беру ұсынылып отыр. Яғни, олар жаңа мүмкіндік пен құқыққа ие болады деген сөз. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев (суретте) facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Екі апта бұрын «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталына «Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасына қатысты Тұжырымдаманы орналастырғанымызды білесіздер.

Бұл осы саланы дамытудың көкейкесті мәселелері бойынша өзара пікір, идея алмасу үшін жасалған қадам болатын.

Әрине, жан-жақты диалог аталған заң жобасы нақты механизмдерімен назарларыңызға ұсынылған кезде басталады. Дегенмен, көріп отырғанымыздай, осы алғашқы кезеңнің өзінде қоғам мен медиа қауымдастықты алаңдататын негізгі мәселелер белгілі болуда», - деп атап өтті Д.Абаев.

Мәселен, оның айтуынша, блогерлер мәртебесіне өзгерту енгізу ұсынысы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Сондықтан, министр дәл осы мәселенің мән-жайына тоқтала кетуді жөн санаған екен.

«Бұл жерде көзделгені отандық блогосфераға қатаң бақылау орнату емес. Өз басым, мұндай әрекет қоғам үшін тиімсіз деп санаймын.

Біз тұжырымдамада әлеуметтік желінің белсенді қолданушыларына өз қалауымен желілік басылым ретінде тіркеуге тұру мүмкіндігін беруді ұсынып отырмыз. Яғни, бұл дегеніміз оларға жаңа мүмкіндік пен құқық беріледі деген сөз.

Әрине, тұжырымдамаға қатысты қоғамдық пікірталастың жандануы уәкілетті орган ретінде бізді тек қуантады. Министрлік сындарлы ұсыныстарды, оның ішінде сыни пікірлерді де ескеретін болады», - деп толықтырды Дәурен Абаев.

Оның пайымынша, бүгінгі күнге дейін «АНҚА» порталына нақты ұсыныстар мен идеялардың түспеуі медиа қауымдастық өз болашағына бей-жай қарайды деген сөз емес.

Дереккөз: Baq.kz

7 қазан 2016, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.