Атырау, 19 мамыр 13:10
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланған шенеуніктер жұмыстан қуылады

1 726 просмотра

Фото: ratel.kz2016 жылы Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар қатаңдатылды,- деп хабарлады ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, биыл мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік көлікті қолдануына бақылау күшейді.

Мұндай тәртіптік құқық бұзушылық үшін шенеуніктер енді жұмыстан айырылып қалуы мүмкін (жеңілірек тәртіптік жазалар да қарастырылуда).

«Мәселен, биыл Қостанай қаласы Жітіқара ауданы Пригородное ауылының әкімі алкогольді мас күйінде қызметтік көлікті демалыс күні, жеке мақсатта пайдаланған. Оның тәрбіті ел алдында Қарабалық ауданындағы Этика жөніндегі кеңесте қаралды. Шығарылған шешім бойынша, әкім мемлекеттік қызметінен босатылды», - деді Қостанай облысы Мемлекеттік қызмет істері департаменті басқармасының жетекшісі Ерлан Салықбаев.

Ерлан Салықбаев аймақ тұрғындарына осыған ұқсас фактілер мен өзге де сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың немесе қылмыстардың куәсі болғанда Мемлекеттік қызмет істері департаментіне хабарласу қажеттігін айтты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

7 қазан 2016, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.