Атырау, 2 маусым 23:01
 дождьВ Атырау +14.4
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Қазақстанда Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды

2 783 рет қаралды

6 қазан күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен "мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында" Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрылды,- деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Жаңа министрліктің қызметі "қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік)" салаларын қамтиды. Мекеменің негізгі басшылық бағыттары "бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау" деп көрсетілген.

Жаңа министрліктің құрамына Қорғаныс министрлігінен – қорғаныс өнеркәсібі саласындағы, Инвестициялар және даму министрлігінен – ғарыш қызметі саласындағы, Ұлттық экономика министрлігінен – жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы өкілет берілген.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне премьер-министр кеңсесінен – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпарат және коммуникациялар министрлігінен - ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету функциялары көшеді.

Дереккөз: Аkorda.kz

7 қазан 2016, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.