Атырау, 19 сәуір 08:22
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Зерттеу нәтижесінде бас сүйек Кейкі батырдікі екендігі дәлелденді – ҚР МСМ

2 250 просмотра

Фото: Baq.kzБүгін қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен Кейкі батырдың бас сүйегі таңғы 5:30-да Астанаға жеткізілді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі осы мәселеге қатысты арнайы жұмыс тобын құрған. Жұмыс қорытындысы бойынша, бас сүйек Кейкінікі екендігі дәлелденді. Бірақ соған қарамастан тиісті ДНҚ-сараптама жасалады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ведомство вице-министрі Ақтоты Райымқұлова (суретте) мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Мәдениет министрлігі осы мәселеге қатысты арнайы жұмыс тобын құрды. Оның құрамына ғалымдар, музей қызметкерлері, археологтар, антропологтар кірді. Олар тиісті зерттеу жұмысын жүргізді. Зерттеу жұмысына сәйкес, бұл Кейкі батырдың басы екендігін сенімді түрде айтуға болады. Бірақ соған қарамастан ДНҚ-сараптама жасалады. Қазіргі таңда венгриялық ғалымдармен осы мәселеге қатысты келіссөз жүргізілуде. Олар зерттеу жұмысын қолға алуға дайын», - деді вице-министр.

Ақтоты Райымқұлова қазақ елінің тұтастығы үшін күрескен батыр өз елінде жерленетіндігін атап өтті.

«Халқының тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батыры өзінің туған жерінде жерленуі қажет. Біз алға тағы бір қадам жасадық. Мен оны үлкен қуанышпен айта аламын», - деді ол.

Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі алдағы уақытта Кенесары ханның бас сүйегін әкелу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін айтты.

«Кенесары ханға да қатысты жұмыстар жүргізілуде. Бұл бір күннің шаруасы емес. Осы бағыт бойынша жұмыс жүргізетін боламыз. Оның нәтижесі де осындай болады деген үміттемін», - деп түйіндеді сөзін А.Райымқұлова.

Дереккөз: Baq.kz

6 қазан 2016, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.