Атырау, 19 мамыр 09:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

ҚР бас прокуратурасы бизнеске қойылатын қисынсыз талаптарды анықтады

1 547 просмотра

Мемлекеттік органдар тексеру парақтарында бизнеске қойылатын ескі, керек емес талаптарды жазған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Мемлекеттік органдардың тексеру парағында нақты аналитика жоқ – қандай кәсіпорын және қашан тексеру қажеттігі көрсетілмеген. Бұдан басқа, олар бизнеске ескі талаптарды қойып отыр. Тіпті, кейбіреулері ақылға қонымсыз», — деді Марат Ахметжанов.

Мысалға, қоғамдық тамақтану орнында мұздатқышты бөлменің солтүстік-батыс жағына қою керек деген санитарлық қағида бар. Неге басқа жерге қоюға болмайтындығын түсіну мүмкін емес. Сондай-ақ, торттарды бөліп сатуға тыйым салуды да қисынсыз деп атады.

«Бизнестің дамуына кедергі келтіретін нормаларды анықтау үшін прокуратураның, «Атамекен» ҰКП мен «Нұр Отан» партиясының сайтына арнайы формуляр ілдік. Қазір тек 15 хабарлама түсті. Бұл дегеніңіз – бизнес әлі бізге сенбейді. Әкімшілік тосқауылдар мен қисынсыз нормалар бар кезде қалайда кәсіпкер кінәлі болады. Ал, шенеуніктің тексеруі дұрыс болып шығады. Өйткені, заң оның жағында», — деп қорытындылады бас прокурордың орынбасары.

Дереккөз: BNews.kz

6 қазан 2016, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.