Атырау, 19 мамыр 10:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Дүйсенова ата-аналарды балаларына жұмыстан ерте босату туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді

2 169 просмотра

Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің ата-аналарды балаларына жұмыстан ерте босату туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ата-аналар үнемі жұмыста болатындықтан олардың балаларын тәрбиелеуге уақыты қалмайды. Олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер де көп. Қазіргі кезде ата-аналар жиналысына келетіндер саны 10-15 пайызды ғана құрайды. Біздің есебіміз бойынша, 11 жылда ата-аналардың 50 пайызы мектепке келмеген", - деді білім және ғылым министрі мәліметтер келтіре отырып.

"Міне, дұрыс. Мұны жұмыс берушілерге айту керек", - деді Дүйсенова Сенаттың үзілісінде.

"Жалпы Еңбек кодексінде жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі балалары бар аналарға жеңілдіктер бар, олар келісімшартқа байланысты түскі үзілісте ұзағырақ уақыт ала алады. Себебі олар баласын тамақтандыруы тиіс. (...) Еңбек кодексінде барлығы жазылған, барлығы сол міндеттерді орындауы тиіс. 8 сағаттық жұмыс күні барлық жақта жазылған ғой", - деді министр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

6 қазан 2016, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.