Атырау, 22 желтоқсан 02:08
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ұлттық қордан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансфертке түзету енгізілді

2 339 рет қаралды

Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт 2 трлн. 880 млрд. теңгеден 2 трлн. 479,7 млрд. теңгеге дейін азайтылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Заң жобасында 2016 жылға арналған Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшерін түзету көзделген. Биыл республикалық бюджет кірістерінің асыра орындалатынын ескере отырып және Ұлттық қордың қаражатын үнемдеу мақсатында Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт мөлшерін 2 трлн. 880 млрд. теңгеден 2 трлн. 479,7 млрд. теңгеге дейін азайту көзделуде», - деді Қ. Бишімбаев «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» ҚР Заңына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын таныстыру барысында.

Тұтастай алғанда заң жобасын қабылдау Ұлттық қор қаражатының айтарлықтай азаюына жол бермеуге және бюджетті теңгерімдеуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

6 қазан 2016, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.