Атырау, 19 мамыр 09:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Бұрғылау" кәсіпорны жұмысшылары наразылығын тоқтатты

2 331 просмотра

Фото: Lada.kzЖаңаөзендегі "Бұрғылау" кәсіпорнының жұмысшылары қазанның 6-сы күні наразылығын тоқтатып, жұмысқа шықты деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Жұмыс беруші, жұмысшылар белсенділері мен Маңғыстау облыстық әкімдігі, облыстың ішкі істер департаменті, прокуратура өкілдерімен бірлескен келіссөз түнгі сағат 22-ге дейін созылды,- деп хабарлады Азаттық.

Облыс әкім Алик Айдарбаев жұмысшылар талаптарының хаттамаға түсіріліп, оған барлық тараптың қол қойғанын мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, "Өзенмұнайгаз" бен "Бұрғылау" арасында жаңа келісім жасалып, тағы 34 ұңғыма бұрғылауға берілетін болды.

- Бұл - 6 миллиард теңге. Жыл соңына дейін жетеді. Ал жұмысшылар сұрап отырған бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесіне өткізу - "Қазмұнайгаздың" ішкі мәселесі. Жұмыс көлеміне қоса тариф те көтеріледі. Оны есептеуге екі апта уақыт керек. Осыдан соң "Бұрғылау" өз еңбекақы жүйесін қайта есептейді, - деді Айдарбаев.

Әкімнің сөзіне қарағанда, кәсіподаққа тағылған айыптар алынады.

- Жұмысшылар кәсіподақ төрағасын барлық процедураны сақтамай сайлағанын өздері де түсінеді. Бірақ маған маңыздысы: олар кімді көргісі келеді, Бекқалиевті ме? Онда болсын сол төраға, - деді Алик Айдарбаев.

Әкім жұмысшылар сайлаған кәсіподақ төрағасы Сәдуақас Бекқалиевке қатысты шартты түрдегі сот жазасы мен оның қозғалысын шектеу жұмыс берушімен бейбіт келісім негізінде реттелетінін айтты.

Жаңаөзендегі "Бұрғылау" кәсіпорны жұмысшылары қыркүйектің 30-ынан бері жұмысты тоқтатып, жалақыны мұнай-газ секторларына төленіп жатқан бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкестендіруді, 2014-2016 жылдардағы бонустарды төлеуді, биылғы берілмеген еңбек демалысы мен артық жұмыс сағатын төлеуді, өздері сайлаған кәсіподаққа қысымды тоқтатуды талап еткен болатын.

Дереккөз: Аzattyq.org

6 қазан 2016, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.