Атырау, 17 мамыр 07:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

3 530 просмотра

Фото: ҚР ҚМҚазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, бұл науқанда қарулы күштер қатарында борышын өтеуге 1989-1998 жылы туған қазақстандық ерлер шақырылады. Бірақ нақты қанша адамды әскерге алу жоспары жарияланбаған. Әскерге шақыру комиссияларының жұмысы президенттің 2016 жылдың 6 сәуіріндегі бұйрығы бойынша 1 қазанда басталған,- деп хабарлады Азаттық.

Бұйрық бойынша, әскери борышын өтеуге 18-27 жас аралығындағы, әскерден босау немесе кейінге қалу құқығы жоқ, оқу орындарын аяқтаған, жасы 27-ге толмаған және әскерде арнайы шақыру бойынша қызмет етпеген ерлер шақырылады. Күзгі әскерге шақыру науқаны желтоқсанға дейін созылады.

"Әскерге шақырылғандарды әскери бөлімдерге бөлгенде олардың әскерге дейін алған мамандықтары ескеріледі" делінген қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта.

Дереккөз: Аzattyq.org

4 қазан 2016, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.