Атырау, 17 мамыр 10:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қазақстан мен Ресей 27 млрд. доллардың келісімдеріне қол қояды - Елбасы

2 289 просмотра

Фото: inform.kzБүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің екіжақты кездесуі өтті,- деп хабарлады Қазақпарат.

ҚР Президенті бүгінгі Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XIII өңіраралық форумы өте маңызды екенін, оған Қазақстан мен Ресейдің 900 бизнесмені жиналғанын айтты. Елбасының сөзіне қарағанда, форумда 27 млрд. АҚШ доллары сомасындағы бірлескен 40 келісімге қол қою болжанып отыр.

Өз кезегінде РФ Президенті В. Путин екі елдің арасындағы қатыныстар стратегиялық серіктестік мәніне ие екенін атап өтті. Сонымен қатар ол объективті жағдайға байланысты белгілі бір проблемалар бар екенін де жеткізді.

«Бұл жағдайлардың объективті сипаты сауда-экономикалық айналымда біршама түзетулерге алып келеді. Біз осыған әрекет етіп, бұл құбылыстардың ықпалын барынша төмендетудің жолдарын іздеуіміз керек», - деді ол.

В. Путиннің айтуынша, Астанадағы форумға қатысып жатқан 900 бизнесменнің арасында 400-і ресейлік кәсіпкерлер екен.

Сонымен қатар Ресей Президенті кеше Орынборда кәсіпкерлермен кездескеніне тоқтала келе, олардың көбісі Қазақстанмен тікелей жұмыс істейтінін және осы жемісті қарым-қатынас өзін қуантқанын айтты. Ол көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамыту тақырыбында өтіп жатқан бүгінгі форум экономиканы дамыту үшін жағдай жасауда өте маңызды екенін сөз етті. Оның пайымынша, бүгінгі келіссөздер барысында жоспарға алынған жобалар алдағы уақытта өз нәтижесін беретін болады.

Дереккөз: Іnform.kz

4 қазан 2016, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.