Атырау, 22 желтоқсан 01:05
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Termincom.kz порталы ресми бекітілген терминдер тізбегімен танысуға мүмкіндік береді

3 455 рет қаралды

Бүгін елордада заңнама мәтіндері, терминдерді біріздендіру мәселесіне арналған әдістемелік семинар өтті,- деп хабарлады 24.kz.

Мәдениет және спорт министрлігі, Премьер-министр кеңсесі, Парламент Сенатының аппараты мен Әділет министрлігінің өкілдері өзекті тақырыпты жан-жақты талқылады. Сарапшылар мен лингвистер қазіргі уақыттағы қателерді тізбелеп, кейбір сауатсыз аудармалардың қисынсыз тұстарын жіпке тізді. Қатысушылар қоғамда қордаланған мәселені шешу үшін тіл мамандары жұмылып, аудармаға қатысты ортақ мәмілеге келуі тиіс деген пікірлерін білдірді. Осы мақсатта Мәдениет және спорт министрлігінің мұрындық болуымен Termincom.kz сайты ашылды. Бұл порталда ресми бекітілген терминдер тізбегімен танысуға болады.

Ғалымжан Мелдешев, ҚР МСМ тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары:

- Бүкіл терминдердің тізбесі алфавиттік ретпенен біздің сайтымызда орналасқан. Оны кез келген адам сол сайтымызға кіріп, кез келген терминнің дұрыс-бұрыстығын көре алады. Өйткені қазіргі кездегі терминдердің дұрыс нұсқасы және бұрыс нұсқасы жазылған.

Дереккөз: 24.kz


4 қазан 2016, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.