Атырау, 8 наурыз 00:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

Владимир Путин Астанаға келді

2 615 рет қаралды

ФОТО VESTI.RUБүгін Астанада Владимир Путиннің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздері өтеді,- деп хабарлады BNews.kz РФ президентінің сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы, Еуразиялық экономикалық одақ және өзге аймақтық бірлестік аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада өтетін «Еуразия кеңістігінің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту» атты Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы XIII форумының пленарлық отырысына қатысады.

Іс-шара аясында Мемлекет басшысының Ресей Федерациясы Президентімен екіжақты кездесуі, сондай-ақ олардың Қазақстан-Ресей бизнес-форумына қатысуы жоспарланып отыр.

Дереккөз: BNews.kz

4 қазан 2016, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.