Атырау, 17 мамыр 11:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаевты 5 жылға бас бостандығынан айырды

2 965 просмотра

Фото: Tengrinews.kz

Астана. 3 қазан. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевты 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаев ҚР ҚК 190 бабы 4 бөлімі 2 тармағы бойынша айыпты деп танылып, оған қылмыстық жолмен тапқан немесе қылмыстық жолмен табылған қаржыға сатып алынған жеке мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік, коммерциялық мекемелерде ұйымдастырушылық және материалды жауапкершілікпен байланысты басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтейтін болады», - деді дүйсенбіде үкімді жариялаған Астананың №2 Есіл ау� �андық сотының судьясы Ақболат Құрмантаев.

Сонымен қатар, судья ҚР ақпарат және коммуникация министрлігінің мемлекетке кіріс ретінде Т169 млн өндіріп алу туралы азаматтық шағым арызын қанағаттандырды. «Қазақтелеком» АҚ-ның азаматтық шағым арызы да қанағаттандырылды, сөйтіп мекеме пайдасына Т143 млн өндірілетін болды. Және прокурордың төленбеген салық түріндегі Т216 млн соманы өндіру туралы шағым арызы да қанағаттандырылды.

Ол да сот залында қамауға алынды.

Дереккөз: ҚазТАГ

3 қазан 2016, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.