Атырау, 17 мамыр 09:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

«Болашақ» бағдарламасына құжаттар қабылдау мерзімі ұзартылды

3 183 просмотра

«Болашақ» бағдарламасына құжаттар қабылдау мерзімі қазан айының ортасына дейін ұзартылды. Бұйрыққа ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2016 жылдың 14 қыркүйегінде қол қойды,- деп хабарлайды primeminister.kz.

Бұйрыққа сәйкес «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі 14 қазанға дейін ұзартылды. Бұған дейін құжаттарды қабылдау 30 қыркүйекте аяқталған болатын.

Халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметінше, құжат «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 23 қыркүйегінде жарияланған және күшіне енді.

2016 жылы «Болашақ» стипендиясына құжат қабылдаудың екі кезеңі және олардың нәтижелері бойынша екі конкурстық іріктеу өтті. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қорытындыларына сәйкес, 313 стипендия, оның ішінде, 199-ы магистратура, 18-і докторантура, 96-сы тағылымдама бағдарламалары бойынша тағайындалды.

Үміткерлер құжаттарды «электронды үкімет» порталы, «Азаматтар арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға қолма-қол тапсыра алады.

Қазіргі таңда Халықаралық бағдарламалар орталығы құжаттарды қабылдаудың үшінші кезеңі аясында «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді тарту мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, 2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсу мүмкіндіктері кеңейтілді. Біріншіден, 700 стипендия бөлінді, яғни, 2015 жылмен салыстырғанда 100 стипендияға артық. Екіншіден, конкурсқа құжаттарды қабылдау жеңілдетілді. Үшіншіден, инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша оқу үшін жаңа санат енгізіліп, конкурстық рәсімдер жетілдірілді.

Дереккөз: Primeminister.kz

3 қазан 2016, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.