Атырау, 13 қазан 01:21
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Алматы әуежайында сынап төгіліп, жолаушылар қауіпсіз орынға көшірілді

1 459 просмотра

Фото: Tengrinews.kz Алматы әуежайында халықаралық рейсті күтіп отырған жолаушыларды тексеретін аймақта сынап төгіліп, бүкіл жолаушылар мен қызметкерлер қауіпсіз орынға көшірілді, деп хабарлайды BNews.kz.

Кейіннен белгілі болғанындай, Алматы-Тбилиси рейсімен ұшатын 38 жастағы жолаушы шыны құтымен 150 миллилитрдей сынап алып өтпек болған. Ұшаққа отырғызатын уақытта тексеруден өте алмаған жолаушы сынапты қоқыс жәшігіне төге салады. Осыдан кейін әуежайдағылар түгелдей қауіпсіз орынға көшірілген.

Алматы әуежайының бүкіл рейсі кейінге шегерілді. Қазір онда ТЖМ ТЖК мамандары жұмыс істеп жатыр.

Дереккөз: BNews.kz

3 қазан 2016, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.