Атырау, 17 мамыр 09:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Шымкенттік ару Азияның ең сұлу қызы атанды

2 505 просмотра

Фото: Facebook

Ливанда өткен Miss Tourism Universe 2016 сұлулық байқауында шымкенттік 21 жастағы модель Ардана Кәденова «Мисс Азия-2016» атағын жеңіп алды,- деп хабарлады Baq.kz сайты Astana.zagranitsa.com-ға сілтеме жасап.

Жаңалықтың жайын модельдің өзі Facebook-тегі парақшасына жазып, суреттерін салып қойған.

Оңтүстіктен шыққан бойжеткен Miss Tourism Universe 2016 конкурсына шақыруды Бакуде тамыз айында өткен Miss Union сұлулық сайысы кезінде алған екен. Ол Әзербайжан астанасында бесінші орын алыпты.

Ал Ливан жерінде Ардана Кәденова 45 елдің сұлуларымен бірге сынақта бақ сынасқан. Нәтижесінде ең үздігі өзі болып шыққан.

Енді Ардана жақында Шри-Ланка арал-мемлекетінде өтетін кезекті байқау – Miss Intercontinental конкурсына қатысқалы отыр.

Ол бұған дейін де бірнеше осындай конкурстарға қатысып үлгерген екен.

Дереккөз: Baq.kz

30 қыркүйек 2016, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.