Атырау, 16 қазан 05:28
 ашықВ Атырау +9
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Есентаевтың ісі бойынша сот отырысы 18 қазанда өтеді

2 677 просмотра

Бахытбек Есентаевтың ісі бойынша сот отырысы Талдықорғанда 18 қазанда өтеді, деп хабарлады Қазақпарат.

«Алқа билерге кандидаттарды іріктеу процедурасы жүргізілді, алайда сот бұл үдерісті жарамсыз деп тапты. Сондықтан келесі сот отырысы 18 қазанда Талдықорғанда өтеді. Кандидаттардың саны 17-ден аз болды. Заң бойынша іріктелген үміткерлердің саны 17-ден кем болмауы тиіс», - деп атап өтті айыпталушының қорғаушысы Бекболат Жексейітов.

Ол 17-ден астам үміткер келгенін, алайда әрбірі өз құқықтарын, сотқа қатысушылар өз құқықтарын жүзеге асырғанын айтты.

«Қорғаушы тарап себебін айтпай үш алқа би үміткерін тізімге алмау құқығын пайдаланды, мемлекеттік айыптаушы екі алқа би үміткерін алып тастады, осылай заңда көрсетілген межеден үміткерлер саны аз болып қалды. Сондықтан сот бұл үдерісті жарамсыз деп тапты», - деп түсіндірді ол.

Дереккөз: Іnform.kz

28 қыркүйек 2016, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.