Атырау, 12 қазан 23:20
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Бізді кәсіби қызметіміз үшін соттап жатыр – Әсет Матаев

2 296 просмотра

Алматы. 27 қыркүйек. ҚазТАГ - Владимир Радионов. «ҚазТАГ» халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаев соттағы соңғы сөзінде оны, әкесі, Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевпен бірге кәсіби қызметі үшін соттап жатыр деп мәлім етті.

«Шындап келгенде біз бүгін сотта кәсіби қызметіміз үшін отырмыз. Бізге айтқан: «Сақ болыңдар, біздің еліміз сондай...» деп. Бірақ біз өзіміздің журналистік борышымызды атқардық. Біздің арқамызда Солтүстік Қазақстанның, Астананың жылуэнергетикалық кәсіпорындары сатылмай қалды, Қазақстанның газ – мұнай тасымалдаушы жүйелері жекешелендірілмей қалды, банктер несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерін өзгертті», - деді Ә. Матаев сейсенбі күні соттағы соңғы сөзінде.

Сондай-ақ ол қайтадан өзінің айыпсыздығын мәлім етті.

«Мен біздің толығымен айыпсыз екенімізді айтқым келеді, біздің айыбымыз дәлелденген жоқ, оның барлығы бос сөз болды. (...) Журналистика дегеніміз – алдай салуға жатпайтын сала, біз кірісті дамуға жараттық. Бізге алдымен жымқыру айыбын тақты, одан соң алаяқтық деді. Егер сіз 5 жыл бойына мемтапсырысты орындап отырсаңыз, егер сізге ешқандай мін тақпаса, одан соң кенет біз ұрладық деп жарияласа, қандай алаяқтық болуы мүмкін?», - деп қадап айтты Ә. Матаев.

ҚазТАГ жұмыс жасамағаны туралы мәселеге келсек, ол «жұмысты А2 форматымен өлшемеу керек» деп мәлім етті.

«Журналистикада дәйексөзге сілтеме жасау деген ұғым бар. Қараңыздаршы кімдер ҚазТАГ-тың айтқандарына сілтеме жасап отырған – «Рейтерс» те, «Франс Пресс» те, ресейлік ірі БАҚ-тар да сілтеме жасап отырған. Олар бізге сілтеме жасап отырғаны біздің ақпарымыз шындық болатын. 2008 жылдан бері біздің ақпаратты теріске шығаратын бір де сот өткен емес», - деп ол сот назарын аударды.

«Біз әр кез барлығын заң бойынша жасап отырдық, ҚазТАГ-тың 5 жылғы жұмысында біз 106 млн теңге салық төледік, 328 млн жалақы төледік, ал мемтапсырыс бойынша 169 млн алдық. Біздің шығындарымыз көрініп тұр. Ал егер біз жымқырғымыз келсе, біз тиімдірек салаға барған болар едік», - деді Ә. Матаев.

Сонымен қатар ол өзі мен С. Матаевқа қатысты сот үкімі әділ болар деген сенім білдірді.

Дереккөз: ҚазТАГ

28 қыркүйек 2016, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.