Атырау, 12 қазан 23:20
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Көшеге дәрет сындырған полицей анықталды

2 089 просмотра

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Көшеге дәрет сындырған полицей анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі Алматы қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. Айта кетейік, полицейдің көлікте отырып, көшеге дәрет сындырғаны түсірілген сурет әлеуметтік желілерде пайда болған еді.

Алматы қалалық ішкі істер департаменті суреттегі ер адамды анықтады. Ол - Алматы қаласының Түрсіб аудандық жергілікті полиция қызметінің қызметкері болып шықты.

"Қазіргі уақытта осы дерек бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Қоғамдық тәртіпті бұзу және ішкі істер органдарының абыройына нұқсан келтіру деректері расталған жағдайда, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Дереккөз: Tengrinews.kz

28 қыркүйек 2016, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.