Атырау, 17 мамыр 11:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Сағадиев: Биыл 68 нысанды бітіріп, 14 жаңа мектеп құрылысын бастау керек

2 382 просмотра

Фото: primeminister.kzБиыл 68 нысанды бітіріп, 14 жаңа мектеп құрылысын бастау керек. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында еліміздің Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты,- деп хабарлады Қазақпарат.

«2016 жылғы республикалық бюджетті нақтылау кезінде қосымша 14 мектептің құрылысын бастауға шешім қабылданды. Сонымен, биыл 68 нысанды бітіріп, 14 жаңа мектеп құрылысын бастау керек. Бұған қоса, үш өңірде 8 нысанның пайдалануға беру мерзімі сақталмай отыр», - деді Е.Сағадиев.

Министрдің айтуынша, олар: Атырау қаласының «Нұрсая» шағын ауданындағы мектеп, Бірлік ауылындағы балабақша, Мақат аудандық Доссор орта мектебі; Шығыс Қазақстан облысына қарасты Риддер қаласындағы Мичурин балабақшасы, Тарбағатай ауданындағы Жетіарал мектебі және осы аудандағы Ақжар мектебі.

«Астана қаласы бойынша екі нысан - 17 мектеп-гимназия мен 22 мектептің қосымша құрылысы. Осыған орай, жергілікті атқарушы органдардан көрсетілген проблемалық мәселелерге арнайы назар аударып және олардың құрылысын аяқтап пайдалануға беру бойынша нақты тапсырма беруіңізді сұраймыз», - деді министр Үкімет басшысы Б.Сағынтаевқа қарата.

Дереккөз: Іnform.kz

27 қыркүйек 2016, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.