Атырау, 17 мамыр 09:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

«Нұрлы жер» қалай жұмыс iстейдi?

2 386 просмотра

Фото: kapital.kzҮкiметте өтіп жатқан отырыста ҚР Ұлттық экономика министрi Қуандық Бишiмбаев (суретте) Президент тапсырған «Нұрлы жер» бағдарламасын әзiрлеу барысын баяндады, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

Қ.Бишiмбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлiктiң «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзiрлеу бойынша жұмыс жүргiзiп жатқанын жеткiздi.

«Баспана құрылысын тiкелей қаржыландырудан ипотекалық кредиттеудi дамытуға және жеке меншiк құрылыс компанияларын ынталандыруға көшу бағдарламаның тұжырымдамасы болып табылады. Бұл бағдарламаның басты мiндеттерi мыналар: бiрiншiден, пайыздық мөлшерлеменi субсидиялау жолымен екiншi деңгейлi банктердiң қолжетiмдi ипотекасын беру арқылы сұранысты ынталандыру; екiншiден, құрылыс компанияларына қолжетiмдi несие беру арқылы ұсынысты ынталандыру; үшiншiден, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкiнiң салымшылары үшiн кредиттiк тұрғын үй салынады және өңiрлiк жалдамалы үй қоры құрылады; төртiншiден, мемлекет тарапынан инженерлiк-коммуналдық инфрақұрылым салу мен жер телiмдерiн беру арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамыту көзделген», - деп баяндады министр.

Қазiргi уақытта министрлiк мүдделi мемлекеттiк органдар, Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, қаржы институттары және әкiмдiктермен осы бағдарламаны қызу талқылап жатыр.

«Сондай-ақ қоғаммен кең ауқымда талқылау жоспарланып отыр. Барлық ой-пiкiрлердi ескере отырып, бағдарламаның жобасын ұсынатын боламыз», - дедi Қ.Бишiмбаев.

Дереккөз: BNews.kz

27 қыркүйек 2016, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.