Атырау, 17 мамыр 10:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қ.Қасымов Ұзынағаштағы қанды қылмысқа қатысты жаңа мәліметтермен бөлісті

2 291 просмотра

Фото: baq.kzҮкіметтің бүгінгі отырысы басталмас бұрын Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Ұзынағаштағы мал сатуға барып, қылмыскерлердің құрбанына айналған үш жігіттің қазасына қатысты ақпарат беруді сұрады. Осы мәселе бойынша есеп берген ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxамбет Қасымов қылмыстың xронологиясын айтып берді. Үкімет басшысы елдің дүрлігіп қалуына байланысты аталған мәселені министрдің жеке бақылауына алуды тапсырды, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қыркүйектің 20-сы күні бізге базарда мал сатамыз деп, үш азаматтың жоғалғаны туралы арыз түскен. Келесі күні біз бір машинаны таптық. Біз олардың 41 бас малды сатуға алып шыққанын анықтадық. Ал қыркүйектің 23-і күні екінші жүк көлігін тауып алдық. Артынан жергілікті xалықтың қылмыскерлерге көмектескенін білдік. Олар жолда батпаққа батып кеткен. Сонда көмек берген жергілікті тұрғындардың арқасында қылмыскерлердің кім екенін анықтадық», - дейді Қ.Қасымов.

Министрдің сөзіне қарағанда, қылмыскерлер мал базарындағы ағайынды жігіттерге жолығып, ірі қараны толығымен алып кетеміз деп, алдап, бір шатқал жаққа алып барған. Сол жерде мал сатушы жігіттерді өлтірген. Ал мал мен адам мәйіттері тиелген жүк көліктерімен келе жатқанда батпаққа батқан.

«Сол кезде олар жергілікті xалықты көмекке шақырған. Қазіргі кезде қылмыскерлер ұсталды. Мылтық тәркіленді. Қылмыскерлер мәйітті көміп кеткен жерді көрсетті. Бүгін қайтыс болған азаматтарды жерлеу рәсімі өтеді. Іс Алматы облыстық ішкі істер департаментіне тапсырылды. Жақын арада оны сотқа жолдаймыз», - деп атап көрсетті Қ.Қасымов.

Дереккөз: Baq.kz

27 қыркүйек 2016, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.