Атырау, 17 мамыр 08:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Көліктерді енді еліміздің кез келген аймағында тіркеуге болады

2 269 просмотра

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері көліктерді тіркеу шарасын айтарлықтай оңтайландырды. Биылғы жылдың 26-қыркүйегінен бастап, ел аумағында көлік құралдарын тіркеуге эксмекенжайлы принципі енгізілді,- деп хабарлады Қазақпарат ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.

«Енді кез келген тұрғындарға арнайы қызмет көрсету орталықтарында немесе Әкімшілік полиция комитетінің барлық тіркеу бекеттерінде кез келген аймақтың көлігін оның иесінің қайда тіркелгендігіне қарамастан есепке алуға болады»,-деді ІІМ ӘПК-нің төрағасы Игорь Лепеха.

Оның сөзінше, көлікті тіркеудің мұндай тәсілі Қазақстанда тіркелген жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді. Енді көлік сатып алған соң оны тіркеу үшін тұрақты тұратын жерге барудың қажеті жоқ.

Айта кететін мәселе - ІІМ тұрғындарға ыңғайлы жағдайлар жасау үшін кешенді шараларды қолға алып отыр. Осыған дейін автокөлікті есепке қою шарасы жеңілдетілген болатын. Яғни осы шараға қажетті құжаттардан заңды тұлғаның жарғысы алынып тасталды. Көлікті тіркеу туралы куәліктің көшірмесін беру кезінде көлік тексерілмейтін болды.

Сонымен қатар, жүргізуші куәлігін берудің эксөңірлік принципі енгізілді. Енді, еліміздің әрбір азаматы оның тіркелген жеріне қарамастан кез келген аймақтың тұрғындарға арнайы қызмет көрсету орталығынан ала алады. Бұған қоса А1,В, В1. категориялары бойынша жүргізуші куәлігін алу үшін автомектептерде оқу міндетті емес.

Дереккөз: Іnform.kz

26 қыркүйек 2016, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.