Атырау, 12 қазан 23:21
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Нұрсұлтан Назарбаев Қостанайда құрастырылған электромобильді сынап көрді

1 941 просмотра

Фото: kstnews.kz.

Қазақстан Президенті Қостанай облысындағы өнеркәсіп кәсіпорындарының басшыларымен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев электромобильдердің көрмесіне қызығушылық танытты. Ол шағын баяндамадан кейін рульге отырып, қазақстандық өнімді сынап көрді, деп хабарлайды BNews.kz.

Президент қостанайлық AllurGroup зауыты құрастырған электромобильмен танысты. Компания көлікті қытайлық JAC бренді негізінде жасаған. Зауыт тек экологиялық таза көлік құрастырады. Мұндай үлгідегі көлік термоконтроль жүйесінің арқасында кез келген температурада жүреді. Термоконтроль – ауа температурасына байланысты батареяны суытады не жылытады.

Бірақ, электрмобильдің қыстың суығына төзімділігін тексеру қажет. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар өнеркәсіптік жобаның мыңыздылығына тоқталды.

Мысалы, «ЖасҚанат-2006» ЖШС – жергілікті кәсіпкердің құс фабрикасы. Лисаковск қаласындағы ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын «Дон Мар» ЖШС-і Елбасының назарына ілікті.

Дереккөз: BNews.kz

23 қыркүйек 2016, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.