Атырау, 12 қазан 23:16
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қапшағай әкімі даулы видеодан кейін өз қалауымен қызметінен кету туралы өтініш жазды

1 877 просмотра

Қапшағай әкімі даулы видеодан кейін ө қалауымен қызметінен кетуді ұйғарыпты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сәтжан Кикимов (суретте) жұмыстан шығу туралы өтініш жазды. Алайда оны жұмыстан шығару-шығармау туралы мәселе дүйсенбіде шешіледі. Бүгін 11.00-де әкімнің келушілермен кездесуіне байланысты Этика жөніндегі кеңестің отырысы өтуі тиіс болған, бірақ отырыс кейінге қалдырылды, себебі ол өтініш жазды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, осыған дейін даулы видеоның кейіпкері болған Қапшағай әкімі Сәтжан Кикимов оқиғаның мән-жайын айтып берген болатын. Tengrinews.kz тілшісімен әңгімелескен ол әрқашан да зор дауыспен сөйлейтінін және атышулы видеода ешкімнің ар-намысына тимегенін мәлімдеді. Бірақ ол халық арасындағы ер адаммен "сіз" деп емес, "сен" деп сөйлескенін қателік деп біледі екен.

Дереккөз: Tengrinews.kz

23 қыркүйек 2016, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.