Атырау, 21 желтоқсан 23:12
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Комитет: мешіттерде орысша уағыз оқу мәселесін ҚМДБ шешеді

2 205 рет қаралды

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі дін істері комитеті "Қазақстандағы мешіттерде ресми уағыздардан кейін қосымша оның орыс тілінде түсініктемесі айтылуы қажет" деген талқылауға қатысты жауап берді,- деп хабарлады Азаттық.

Комитеттің жазуынша, оларға исламға қызығушылық танытып жүрген бірқатар діндарлардың мешіт имамдарының уағыздарын толық түсінбейтінін айтып, орыс тіліне аударма жасау керектігі туралы өтініштер түскен.

Комитет өз түсініктемесінде "Парламент мәжілісінде өткен экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде жекелеген мешіттерде уағыздардан кейін имамдардың орыс тілін пайдалануы туралы мәселе министрлік тарапынан емес, осы шараға қатысушылардың тарапынан ұсынылды. Бірақ министрлік өз құзіретіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ішкі мәселелеріне араласу кірмейді. Бұл мәселе бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шешім қабылдайды және өтініштерді басқармаға жіберуді ұсынамыз" деп жазған.

Дереккөз: Аzattyq.org

23 қыркүйек 2016, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.