Атырау, 21 желтоқсан 23:12
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

2 809 рет қаралды

Фото: Twitter

Орта салмақта бірнеше нұсқа бойынша чемпион қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен осы салмақтағы WBA чемпионы Дэниель Джейкобс арасындағы жекпе-жек желтоқсан айында өтуі мүмкін", - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Allboxing.ru BoxingScene.com-ге сілтеме жасап.

Бұл жекпе-жек Сауль "Канело" Альварестің (48-1-1, 34 КО) жарақат (Лиам Смитпен болған кездесуден алған) алуына байланысты болғалы отыр. "Канело" 10 желтоқсанға жоспарлаған жекпе-жекке қатыса алмайды. Ал оның жекпе-жегін тікелей эфирде таратуы тиіс болған телеарналар енді бұл кездесу эфирін Головкин мен Джейкобске беруі мүмкін екен.

Нью-Йоркте Джейкобстың есімі жақсы танымал болғандықтан, ал Головкин бірнеше рет сол қалада кездесулер өткізгендіктен, жекпе-жектің осы қалада өтуі ақылға қонымды делінеді. Madison Square Garden және Barclays Center ареналары 10 желтоқсанға әзірше бос тұр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

22 қыркүйек 2016, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.