Атырау, 12 қазан 21:34
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Сирияға кеткен жиһадшылар елімізде теракті жасауы әбден мүмкін – ҰҚК

1 803 просмотра

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбековтың айтуынша, соңғы жылдары сан алуан террористік акциялардың алдын алу шаралары атқарылып, жүздеген адамның xалықаралық лаңкестік ұйымдарға қосылуына жол берілмеді. Дегенмен, Сириядағы әскери қақтығыстарға қатысып жатқан Қазақстан азаматтары бар. Бүгінде олардың арасында радикалды көзқарасқа бой алдырған адамдар аз емес. Әскери дайындығы да жоғары. Сондықтан ондай азаматтар елге қайтып келгеннен кейін теракті жасауы әбден мүмкін, деп xабарлайды BNews.kz тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сәйкес, соңғы бес жылдың ішінде сан алуан мақсаттағы 64 террористік және экстремистік акциялардың жолы кесілді. Ал осы жылы ондай 9 әрекет әшкереленді.

«Ауғанстан, Ирак пен Сириядағы әскери қақтығыстар басталғалы xалықаралық террористік ұйымдардың белсенділігі арта түсті. Осы уақытқа дейін террористік лагерьлерден 45 Қазақстан азаматы депортацияланды. Өз еркімен оралған адамдар да аз емес. Жалпы, бес жылдың ішінде 445 адам сотталды. Жыл басынан бері 25 адамға қатысты үкім шығарылды, тағы 50-ге жуық адам уақытша қамау изоляторында отыр»,-дейді Н.Білісбеков «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» барысында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Сириядағы әскери қақтығыстарға қатысып жатқан Қазақстан азаматтары аз емес. Олардың басым бөлігі радикалды көзқараста жүр. Әскери дайындықтары да жоғары. Сондықтан дәл осы азаматтар елге қайтып келсе, террористік актілер қайталануы әбден мүмкін.

«Қазіргі кезде біз ондай адамдарды ары кетсе, 7 жылға соттай аламыз. Бұл – ең жоғары жаза. Сондықтан осы мәселені реттеу керек деп санаймыз»,-деп түйіндеді Н.Білісбеков.

Дереккөз: BNews.kz


22 қыркүйек 2016, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.