Атырау, 17 мамыр 10:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Баланың тууымен байланысты мемлекеттік қызметтерді енді перзентханадан-ақ рәсімдеуге болады

2 144 просмотра

«Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы жаңа ілкі жобаны іске қосты. Оның аясында жаңа туған баланы тіркеу, бала күтіміне қажетті жәрдемақы мен түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу, балабақшаға кезекке тұру сияқты шаралардың барлығын перзентханада-ақ рәсімдеуге болады,- деп хабарлайды Қазақпарат.

«Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған 4 қызмет түрі бойынша өтініштер перзентхананың өзінде қабылдана береді.

«Әділет министрлігі биылғы жылдың наурыз айында мемлекеттік қызмет стандарттарына жаңа туған нәрестені тіркеуге қою бойынша өзгеріс енгізді. Оған сәйкес, ата-аналардан өтініш үш жұмыс күнінің ішінде берілуі керек. Осының аясында және ел тұрғындарына қолайлы жағдай тудыру үшін біз бала туумен байланысты өзге де қызметтерді перзентханада рәсімдеуге мүмкіндік жасадық. Бұл шара тұрғындардың уақыттарын үнемдеп, олардың құжат рәсімдеумен байланысты өзге де көптеген мәселелерін шешуге ықпал етеді»,-деді «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев.

Сонымен қатар ол туу туралы дайын куәлікті азаматтар Тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарынан құжатты тапсыру күнін есептемегенде 2 күннің ішінде ала алатындығын жеткізді. Ал, жәрдемақы тағайындау туралы мәліметтер азаматтардың ұялы байланыс телефондарына sms-хабарлама түрінде келеді.

Балабақшадағы кезегі туралы ел азаматтары egov.kz электронды үкіметі арқылы немесе мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріндегі «Connection Point» өзіне қызмет көрсету секторларынан біле алады.

Дереккөз: Іnform.kz

22 қыркүйек 2016, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.