Атырау, 17 мамыр 08:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Матаевтар ісі бойынша байланыс комитетінің өкілі қорғаушы тараптың сауалына жауап бере алмады

1 630 просмотра

Алматы. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Сейтқазы Матаевтың ісі бойынша байланыс, ақпараттану және ақпарат комитетінің өкілі ҚР ақпараттану және байланыс министрлігі заң департаментінің директор орынбасары Рауан Ахметов қорғаушы тараптың сауалдарына жауап бере алмады.

«(Шығармашылық есептерге, орындалған жұмыстар актісіне, шот-фактураларға сәйкес А2 форматты жолағында 2011 жылғы «ҚазТАГ» ХАА» ЖШС тарапынан орындалған жұмыс көлемі қандай? - адвокат) Менде бір жылға арналған мәлімет жоқ», - деді Р. Ахметов сәрсенбі күні сот отырысы барысында.

Сондай-ақ зардап шегушінің өкілі 2012-2015 жылдар бойына осыған ұқсас келесі сұрақтарға да жауап беруге дайын болмай шықты: «А2 форматында бір жаңалық материалының және бір талдамалы материалының орташа көлемі қандай?» және «А2 форматы жолағының құны қандай актімен немесе жалпы қалай белгіленеді?». Бұдан кейін қорғаушы тарап зардап шегуші тараптың өкіліне дайындалуын өтініп, кейін қайта тыңдауды ұсынды.

Десек те, Р.Ахметов «ҚазТАГ» ХАА» ЖШС 2011-2015 жылдар бойынша Т169 млн көлемінде жасалған шарттың толық көлемін өндіруі тиіс деп санайды.

Дереккөз: ҚазТАГ

21 қыркүйек 2016, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.