Атырау, 17 мамыр 09:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Этиканы бұзған депутаттар жазаланатын болды

1 611 просмотра

Этиканы бұзған депутаттар жазаланатын болды. ҚР Парламентi Мәжiлiсi төрағасының жанынан депутаттық әдеп кеңесi құрылып отыр, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

Бүгiн жалпы отырыста барлық мәселелер қаралған соң Нұрлан Нығматулин Мәжiлiс төрағасының жанынан депутаттық әдеп кеңесi құрылғанын хабарлады. Кеңеске жетi депутат кiрiп отыр.

«Бұл кеңес депутаттық әдеп ережелерiн бұзған жағдайда тиiстi заңдарды басшылыққа ала отырып, Орталық сайлау комиссиясымен бiрлесiп, депутаттық этиканы бұзуға жол бермей, оның iшiнде керек уақытта жазалау шараларын қолдану жөнiнде ұсыныстарды әзiрлейтiн болады», - дедi төраға.

Депутаттық әдеп кеңесiн Қуаныш Сұлтанов басқарады. Кеңес құрамына Сауытбек Әбдiрахманов, Құралай Қаракен, Евгений Козлов, Екатерина Никитинская, Шавхат Өтемiсов, Тұрғын Сыздықов кiрдi.

«Кеңес құрамына барлық саяси партиялар фракциялары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкiлдерi кiрiп отыр. Бұл әлемдiк тәжiрибе, бүкiл дерлiк парламенттерде осындай комиссия бар. Менiң ойымша, бiздiң палатада да осындай кеңестiң болғаны дұрыс», - дедi Н.Нығматулин.

Дереккөз: BNews.kz

21 қыркүйек 2016, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.