Атырау, 17 мамыр 06:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қазақстанның волейбол құрамасы Азия кубогында екінші орын алды

5 597 просмотра

Финалдық матчта қазақстандық волейболшылар Қытай командасына жол берді, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазақстанның волейболдан әйелдер құрамасы Въетнамда өткен Азия кубогында күміс медаль алды. Финалдық кездесуде ел құрамасынан Қытай командасы үш кезеңде 19:25, 19:25, 13:25 есебімен басым түсті, деп мәлім етті федерация баспасөз қызметі.

Жапон қыздарымен ойнаған Таиланд құрамасы турнирдің қола жүлдесін иеленді. Қытайлық воллейболшы Ли Цзинь турнирдің үздік ойыншысы атанды.

Қазақстандық ойыншылар да жеке марапаттарды иемденді. Ирина Лукомская – үздік байланыстырушы, Кристина Аниконова – үздік орталық тосқауыл қоюшы (қытайлық Ян Чжоумен бірге), ал Екатерина Жданова – үздік диагональ шабуылшы атанды. Айта кетейік, турнир тарихында алғаш рет Қазақстанның үш ойыншысы жеке марапат алды.

Волейболдан қыздар арасындағы Азия кубогы 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Екі жылда бір рет өтеді. Қытай құрамасы бұл турнирді төртінші рет жеңіп отыр. Ал еліміздің командасы осы жылы финалға шығып, өзінің үздік нәтижесін көрсетті. 2012 және 2014 жылдары қазақстандық волейболшылар қола медаль алған.

Дереккөз: BNews.kz

21 қыркүйек 2016, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.