Атырау, 17 мамыр 08:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қазақстан украиналық реакторларға арнап ядролық отын өндіреді

1 976 просмотра

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Украинаның энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Игорь Насаликпен кездесті,- деп хабарлады Қазақпарат.

Қазақстанның атом компаниясы мен Украинаның энергетикалық мекемесінің басшылары ынтымақтастық векторларын анықтап берген бұрынғы кездесудің тиімділігін атай отырып, атом энергетикасы саласындағы бұдан былайғы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы Қоғаммен байланыс департаментінен мәлім еткендей, кездесуде негізінен украиналық реакторларға арнап ядролық отын өндіру мәселелеріне назар аударылды. Игорь Насалик украиналық АЭС-тер қажетін қанағаттандыру үшін Қазақстан аумағында жылу бөлгіш құрамаларды шығаруды өзара тиімді ұйымдастыруға мүдделі және оған дайын екендігін айтты. Сондай-ақ ол, Украина алдында ядролық отын және оның құрамдас бөліктерін жеткізуді әртараптандыру міндеті тұрғанын, сол себепті Қазақстан байытылған уран түріндегі уран өнімдерін жеткізіп беру бойынша сенімді серіктес болуы мүмкіндігін атап көрсетті.

Айта кетейік, бұл украиналық министрдің Қазақстанға екінші сапары. Алғашқы кездесудің қорытындысы бойынша, екіжақты ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстарды терең талдаумен шұғылданатын жұмыс тобы құрылған болатын.

Дереккөз: Іnform.kz

21 қыркүйек 2016, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.