Атырау, 17 мамыр 09:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Сейтқазы Матаев істің бір эпизоды бойынша көрсетулер беруге дайын екендігін мәлім етті

1 599 просмотра

Астана. 20 қыркүйек. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев «салықтар» эпизоды бойынша көрсетулер беруге дайын екенін мәлім етті, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Мен ертең көрсетулер беруге дайынмын, маған дайындалу керек», - деп мәлім етті С. Матаев сейсенбі күні сотта судьяның сауалына жауап беріп.

Астананың №2 Есіл аудандық сотының төрағасы Ақболат Құрмантаев сотта С. және Ә. Матаевтардың екі туысынан басқа барлық куәгерлерден жауап алынғанын мәлім етіп, Матаевтардың туыстарынан жауап алу мәселесін ертеңгі күнге дейін ашық қалдырды. Бәлкім, олардың көрсетулері сотта оларсыз да жарияланатын шығар.

Сондай-ақ судья қорғаушылардың бірқатар өтініштерін, оның ішінде сотқа 152 куәгерді шақыру туралы өтініштерін қабыл алмады. Тағы бірнеше өтініштер А. Құрмантаевтың кеңесу бөлмесінен шыққан соң шешіледі. Әзірге қосымша сот-экономикалық сараптама жүргізу туралы өтініш ашық қалып отыр.

Дереккөз: ҚазТАГ

20 қыркүйек 2016, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.