Атырау, 21 желтоқсан 23:11
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Б. Сағынтаев бағаның ең көп өсуіне жол берілген өңірлердің әкімдерінен бақылауды күшейтуді талап етті

2 147 рет қаралды

Фото: Baq.kzПремьер-Министр Үкімет отырысы барысында әкімдерден әлеуметтік маңызы бар тауарларға және дәрі-дәрмектерге бағаның өсуіне жол бермеу бойынша бақылауды күшейтуді тапсырды,- деп хабарлады ҚР Премьер-министрдің сайты.

«Бірінші кезектегі қажетті өнімдердің және дәрі-дәрмектердің бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселесі айрықша бақылауда болуы тиіс және бағалардың ауытқуы болған жағдайда дер кезінде әрекет ету керек», – деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрі.

Б. Сағынтаев сондай-ақ бағаға әсер етудің заңды тетіктері мен құралдары қазіргі таңда бар болғанмен, олар ылғи да жұмыс істемейтінін баса айтты.

«Нәтижесінде қандай да бір өңірде азық-түліктің жекелеген түрлеріне үнемі бағаның күрт өсуі орын алады. Бұл жер-жерлердегі әкімдердің бақылауының әлсіздігін және бар тетіктерді толық пайдаланбайтындығын көрсетеді», – деп баса айтты Б. Сағынтаев.

Дереккөз: Рrimeminister.kz

20 қыркүйек 2016, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.