Атырау, 12 қазан 21:31
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы электронды түрде жүзеге асады – Д.Абаев

2 092 просмотра

Фото: khabar.kzЖыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын «электронды үкімет» пен мемлекеттік корпорация жүзеге асырады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев (суретте) айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Мемлекеттік органдардың басты міндеті – халыққа қызметтің барынша сапалы, әрі оңай көрсетілуін қамтамасыз ету екенін Елбасы үнемі айтып келеді. Осы бағытта ел игілігі үшін қыруар іс-шара жүзеге асырылды. Мысалы, жеке куәлікті алу бұрын бір айға созылса, қазір ол бар болғаны 2 күнде дайын болады. Және тіркелген орныңызға қарамастан, кез келген қаладан ала бересіз. Осылайша, халықтың уақыты ғана емес, қаржысы да үнемделіп отыр. Немесе ең жиі сұралатын қызметтердің бірі – «қылмыстық құқық бұзушылық туралы» анықтамаға тоқталайық. Бұрын 7 күн ішінде берілетін осы құжатты қазір санаулы минут ішінде алуға болады. Кәсіпкерлік үшін жасалған жеңілдіктер де аса қомақты. Мысалы, барлық лицензия түрлерін алу бұрын 30 күнге созылды. Ол үшін талай құжат жинауға тура келетін. Қазір электронды үкімет порталы арқылы оны 15 күн ішінде жүзеге асыруға болады. Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады», - дейді Дәурен Абаев.+

Министрдің айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметтер реестрінде 739 қызмет түрі бар. Соның 530-ын электронды үкімет порталы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемелеттік корпорациясы арқылы алуға болады.

«Мекемеаралық комиссияның биылғы отырысында қағаз жүзіндегі 209 қызмет болса, оның 53-і «Азаматтарға арналған үкіметке» берілген. Ал қалған 156-сы әзірге толық шешілген жоқ. Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын «электронды үкімет» пен мемлекеттік корпорация жүзеге асырады», - дейді ол.

Дереккөз: BNews.kz

20 қыркүйек 2016, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.