Атырау, 12 қазан 21:37
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Бишімбаев бағаны тұрақтандыру үшін «базардағы монополияны бұзуды» ұсынды

2 381 просмотра

Фото: today.kzҮкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев азық-түлік бағасын тиісті деңгейде ұстауға арналған ұсыныстарды жариялады. Оның айтуынша, бүгінде базардағы монополияны бұзып, отандық өнімдерді сөрелерге көптеп енгізу керек. Сондай-ақ азық-түлік бағасының ең төменгі және шекті бағасын заңды түрде белгілеп алған жөн, деп xабарлайды Baq.kz.

«Иә, отандық өнім өндірушілері үшін базар мен нарық сөрелеріне өз тауарларын көптеп қоюға мүмкіндік жасау қажет. Негізі, әкімдіктер қазіргі жағдайға әсер ете алмайды. Себебі ол жерде ірі көтерме саудагерлері өз монополиясын орнатып қойды. Ал заң жүзінде осы мәселені шешу тетігі жоқ. Біздіңше, отандық өнім өндірушілері сауда орындарының 20-30 пайызында орналасуы тиіс»,- дейді Қ.Бишімбаев.

Бұдан бөлек, министр әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің нақты бір бағасын белгілеуді ұсынып отыр. Ал импортқа тәуелді болып отырған ірімшік, қант, тауық еті, жарма және тағы басқа тауарлардың отандық өндірісін күшейту керек. Ол үшін тиісті мемлекеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізілуі шарт.

«Алдағы уақытта әлеуметтік дүкендерді ашу, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу сияқты шараларды жалғастыра беру керек. Ал азық-түліктің көтерме бағасына ақшаны тым көп қосатынын ескере отырып, қалалардың маңайында ірі көтерме базарларын көптеп салу қажет»,-деп атап көрсетті министр.

Дереккөз: Baq.kz

20 қыркүйек 2016, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.