Атырау, 12 қазан 21:31
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Президент Нұркент қаласының даму жоспарымен танысты

2 167 просмотра

Фото: akorda.kzҚазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына сапары барысында жаңа Нұркент қаласының дамуының бас жоспарымен танысты, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы 19 тамызда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, Назарбаев Талдықорған қаласының дамуының бас жоспарымен, сондай-ақ Жаркент-Қорғас агломерациясының қала құрылысы тұрғысынан дамуының кешенді жобасымен танысты.

Нұркент қаласы "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының құрамына кіреді. Болашақта бұл қалада 100 мыңнан аса адам тұрып, ауданы 300 гектардан асады. Арнайы экономикалық аймақтың құрылысы 2020 жылы аяқталады. Осыдан кейін бұл шекара аймағы жаңа Жібек жолының тірегіне айналады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

20 қыркүйек 2016, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.