Атырау, 12 қазан 21:31
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қарызы басынан асқан "сыра королінің" зауыты енді лицензиясынан да айырылып қалуы мүмкін

1 852 просмотра

Фото: youtube.comШымкенттегі сыра зауыты лицензиясынан айырылуы мүмкін. TVK телеарнасының мәліметінше, сыра зауытының бұрынғы басшысы Тоқтар Төлешовке несие беруші қайтарылуы тиіс төрт миллион доллар қарызын күтпей, кәсіпорынды лицензиядан айыру үшін сотқа арыз түсірген,- деп хабарлады Tengrinews.kz.

Заңгер Санжар Маматкаримовтің айтуынша, арызданушы - шетел азаматы Агаджан Аванесов. Сонымен қатар, Тоқтар Төлешовтің "Шымкентсыра" зауыты бюджетке 600 миллион теңге көлемінде салық өтеуі тиіс болып шықты.

"Орындау қағазы деген болады. Соған сәйкес адамдар қарызды өтеуге кезекке тұрады. Қазіргі уақытта "Шымкентсыра" ЖШС мемлекет алдындағы қарыздарын салықпен өтеп жатыр. Зауыттың миллиард теңгеден аса қарызы болды. Бүгінде оның бір бөлігі төленіп болды, енді шамамен тағы 600 миллион теңге қарызы бар. Сондай-ақ, Төлешов Агаджан Аванесовпен қатар, басқа да несие берушілерден қарызға ақша алған", - деді заңгер.

Ал Аванесовтың тарапы осыған қатысты қандай да бір пікір айтудан бас тартты. 27 шілдеде Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотында өткен бірінші инстанциядағы сотта сыра зауытының өкілдері отырыста жеңіліп қалған болатын. Алайда зауыттың өкілдері соттың шешіміне кассациялық шағым түсірген еді. Айта кетейік, Төлешовтің зауыты лицензиядан айырылатын болса, олар банкротқа ұшырап, зауыттағы 1 100 қызметкер жұмыссыз қалады.

Дереккөз: Tengrinews.kz


20 қыркүйек 2016, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.