Атырау, 12 қазан 21:32
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

2006 жылғы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады

2 234 просмотра

3 қазаннан бастап, екі аптадан кейін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz cайты "Хабар" телеарнасына сілтеме жасап. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеген.

Кез келген азамат қаржының қолданыстан алып тасталғанын күтпей-ақ, оны Ұлттық банктің барлық филиалында тегін айырбастап алуға құқылы. Айта кетейік, ескі теңгесін жаңасына ауыстырып үлгермеген жандар еш алаңдамаса болады. Қолданыстан шыққан банкноттарды азаматтар алдағы бір жыл бойы, яғни 2017 жылдың 3 қазанына дейін екінші деңгейлі банктерде айырбастай алады. Қаржыны қабылдау, айырбастау және ұсақтаудан бас тартқан банктер 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді екен.

Дереккөз: Tengrinews.kz

20 қыркүйек 2016, 09:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.